Төл мерекесін атап өтті

«Көкшетау» мәдениет сарайында 23 маусымда  Қазақстан полициясының 25 жылдығына арналған салтанатты шара өтіп, ең үздік полицейлер марапатталды.

IMG_5043Салтанатты шара ішкі істер департаменті ғимаратының жанында орнатылған қаза тапқан полиция қызметкерлерінің есімдері қашап жазылған ескерткіш тақта мен монументті ашудан басталды. Ескерткішті облыс әкімінің орынбасары Егор Каппель мен облыстық ішкі істер департаментінің басшысы, полиция полковнигі Ержан Сәденов ашты. Тәуелсіздігімізді алған ширек ғасырдан астам уақыт ішінде ел тыныштығын қорғау жолында қызметтік міндеттерін атқару кезінде 39 полиция қызметкері қаза тапқан екен. Жиналғандар ескерткіш тақтаға гүл шоқтарын қойып, бір минуттық үнсіздікпен қаза тапқандарды еске алды. Аталған іс-шараға полиция ардагерлерімен бірге Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев та
қатысты.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс