Төраға және делегаттар сайланды

«Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламаларында тұжырымдалған міндеттерді ойдағыдай орындауда бас-тауыш партия ұйымдарына ауқымды міндеттер жүктеледі. Бұл орайда «Адал жол» бастауыш партия ұйымы үйлесімді жұмыс істеп келеді.

Қала әкімдігінің мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының «Адал жол» бастауыш ұйымының кезекті отырысы болып өтті. Онда алдымен ұйым жетекшісі Алтынай Әміренова осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстарға тоқталып, жоспарлы істердің өз мерзімімен орындалып келе жатқандығына, жарна төлеуде партия мүшелерінің бәрінің де белсенділік танытып отырғанын тілге тиек етті. Жиынның күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «Адал жол» бас-тауыш ұйымының төрағалығына қалалық ішкі саясат бөлімінің жетекшісі Андрей Подгурскийдің ұсынған кандидатурасы Алтынай Әміренова бірауыздан қайта сайланды. Ал, үшінші мәселе бойынша «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының алда өткелі отырған қалалық партия конференциясына делегаттар сайланды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс