Уақыт бізді таңдады…

Осындай атаумен Көкшетау қаласындағы тарихи-өлкетану музейінде Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толуына арналған көрме ашылды. Негізгі мақсат, солақай саясаттың құрбаны болған жастар жайлы мағлұмат беру. Жат жердегі соғыстың тарихи маңызын анықтау. Отан алдындағы парыз, туған жер үшін өз-өзін құрбан ету сияқты қасиетті борыштың не екенін кейінгі толқынға үлгі ету.

Ауғанстан соғысы… Біз ол туралы қаншалықты білеміз? Шамамен он жылға созылған сол соғыста мыңдаған интернационалист-жауынгер опат болды. Бұл соғыс көптеген отбасыларына мырыш табыттар, аяқ-қолсыз, зағип болып қалған жарымжан жандарды қайтарды. Қаншама жастың жүйкесі сыр беріп, өмірден баз кешті. Жат жерде жүру, адам төзгісіз қиындықтармен бетпе-бет келудің азабы өз алдына бір тарих. Ал, шындығына келгенде әскер қатарына алынған бозбалалар тек Отан алдындағы борышын өтеудің маңызына ғана бойлады. «Уақыт бізді таңдады…» деп аталған көрмеге қойылған құжаттар, фотосуреттер, өрімдей жастардың өмірге құштарлықпен қарап тұрған бейнелері адамды ойлантпай қоймайды. Олардың арасында әлі күнге дейін табылмаған екі жігіт бар. Ал, қаза тауып, үйіне мырыш табытпен әкелінгендер жайлы толғанбай айту мүмкін емес. Бұл – заман шындығы. Тек оны сол қалпында қабылдай білу керек.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий