Универсиада: ұлы дүбір, ұлағат пен салтанат!

Алматыда 29 қаңтар мен 8 ақпан арасында өтетін  28 -ші Дүниежүзілік қысқы универсиадаға да санаулы күндер қалды. Спорт қашанда бейбітшілік пен достықтың, өзара түсіністік пен игі қарым-қатынастықтың, шат көңіл мен денсаулықтың кепілі. Осынау салтанатты жарыс, ұлы дүбірге Көкшетау қаласы да өз үлесін, өз үнін қоспақ.

Қала әкімі Ермек Маржықпаев осы мәселеге байланысты өткізген жиында алда келе жатқан Универсиада алауын қарсы алып, белгіленген маршрутпен өтіп, салтанатпен шығарып салу, қалада универсиада құрметіне конькишілер, шаңғышылар және жүйріктердің қатысуымен өтетін эстафета жөнінде баяндады. Ол эстафеташылардың жарыс жолы, жалпы қаланың осы шараға орай безендірілуі, тазалығы мен қолайлылығы, қауіпсіздіктің қадағалануы туралы салалар басшыларына тапсырма берді. Көшедегі қарды қарқынды шығару, Қопа үстімен өтетін конькишілер мен шаңғышылар жолдары лайықты болып, жалпы қала көз сүйсінтер күйде болуы тиіс. Е.Маржықпаев алдағы эстафета маршруты жарияланып, тұрғындарға қай көшенің қай уақытта қаншаға дейін жабық болатынына дейін алдын ала таныстырылатынын айтты. Өйткені, тұрғындар үшін ешқандай қолайсыздық орын алмауға тиіс.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс