«Феникске» ризашылықтарын білдірді

«Феникс» волонтерлік орталығы қалалық ардагерлер кеңесімен бірлесіп, 20 қыркүйекте Егде адамдарды әлеуметтік қолдау айлығы қарсаңында екі ұрпақ сабақтастығын әспеттейтін әсерлі кездесу өткізді.

Қонақжай дастархан басына жиналған ардагерлер мен волонтерлік орталық өкілдері еңбек тәжірибелері жайлы сыр шертісіп, өмірлерінің қуанышты да қызықты сәттері жайлы пікір алмасты. Білім саласының үздігі Тельман Мұқышев, Галина Николаева мұғалімдердің мәртебесін көтеріп, олардың кәсіби шеберліктерін үнемі насихаттап отыруға назар аударса, Ерлік Солтан мен Жұмағали Жұрымбаев жұмысшы мамандығын құрметтеу қажеттігін еске салды. Өйткені, еңбек адамдарының қоғамдағы рөлі әрқашан да айқын сезілуі керек. Еңбек ардагері Файна Малышкина отбасылық әулеттік өнегесімен бөліссе, «Тыныс» акционерлік қоғамының өкілдері Валентина Каплина мен Валентина Кутукова жастардың біліміне деген ынта-жігерін шыңдай отырып, әсіресе, техникалық кәсіпті көбірек меңгеріп, шығармашылықпен айналысу қажеттігін айтты. Ауған соғысына қатысқан зейнеткер Қарбай Шамғанов қазақстандық патриотизм жас ұрпақты Отанды сүюге баулыса, мәдениет саласының үздігі Рита Костенко өз мамандығына шексіз берілудің арқасында қол жеткен жетістіктерімен бөлісті. Шара соңында қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Валентина Соломина мен волонтерлік орталықтың жетекшісі Андрей Тюкалин кездесуден алған әсерлерімен бөлісіп, ризашылықтарын білдірді.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс