Фирмалық дүкенін ашты

Нан-тоқаш өнімдерінің елуден астам түрін шығаратын «Ақсай-нан» ЖШС Көкшетаудағы филиалы облыс орталығында халық көп жүретін жерлерге өздерінің фирмалық шағын дүкендерін аша бас-тады. Соның біреуі Әуезов көшесінің бойындағы базар аялдамасы маңында ашылды. Шағын дүкеннен ыстық нан, тоқаш өнім-дерін, тәтті торт сатып алуыңызға болады. Бағасы да қымбат емес, қарапайым халыққа тиімді. Тіпті, сол жерден ыстық шай ішуіңізге де болады. «Ақсай-нан» зауыты өзі пісіретін байытылған нанды дүкендерде 75 теңгеден сатып жатқаны белгілі. Бұл бір жағынан, қазіргі аумалы-төкпелі заманда халықтың әлеуметтік жағдайына қарайласқаны. Алдағы уақытта жоғары-дағы фирмалық дүкендерді қаланың әр мөлтек ауданында ашу жоспары бар дейді зауыт басшылары.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий