Форумға дайындық барысы қалай?

Облыстық әкімдікте Қазақстан мен Ресейдің 18-ші аймақаралық ынтымақтастық форумына әзірлік барысы талқыланды. Жиын барысында облыс әкімі Ермек Маржықпаев сала жетекшілеріне құрылыс кестесін қатаң сақтауды тапсырды.

Сондай-ақ, форумның Көкшетаудың инфрақұрылымдық дамуындағы маңызын ескертіп, жұмыс сапасын бақылауға алғанын жеткізді. Форумға дайындық аясында 20-дан астам нысан құрылысы, инженерлік желілер мен жол жөндеу жұмыстары басталды. Облыс әкімі Ермек Маржықпаев «Болашақ сарайының» құрылыс кестесіне назар аударды. Нысанда жекелеген жұмыстар бойынша 1 аптаға кешігу орын алған. Бұл – инженерлік желілер бойынша 40 шақты маманның елордадан шыға алмауынан орын алған олқылық. Облыс әкімі мамандардың денсаулығын тексеріп, жұмысқа тарту туралы тапсырма берді. «Болашақ сарайының» құрылысына 9 млрд 300 млн теңгеден астам қаржы бөлінген. Оның басым бөлігі нысанды жабдықтауға жұмсалады. «Небәрі 5 ай уақыт қалды. Одан әрі созуға болмайды. Сыртқы әрлеу жұмыстарына да көп уақыт жұмсалады. Нысан құрылысын өз көзіммен көріп, бақылап жүремін. Тамыз айында тиісті жұмыстар аяқталып, қыркүйекте соңғы толықтырулар жасалуы тиіс. Бұл өте үлкен нысан. Оның айналасын абаттандыру мәселесі де жылдам атқарылуы тиіс», – деді өңір басшысы. Көктем шағын ауданының солтүстік аумағында 1 млрд 250 млн теңгеге жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде, нысанға облыс бюджетінен қосымша 269 млн теңге бөлінді. Сондай-ақ, Сарыарқа шағын ауданында, Жансая тұрғын үй кешені маңында айналма жолдар салынады. Қылшақты өзенінің бойында, Қопа жағалауында абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Көл жиегінде айналма жол салынып, жағажай, серуен орындары бой түзейді. Қала әкімі Амангелді Сма-йылов: «Қазір жағалаудағы жұмыс қарқын алды. Жол және көпір құрылыстарына қажетті бетон қазықтар қағылды. Көл айдынына дендеп ұзындықтары 45 және 65 метрлік екі айлақ салынады. Бұл нысандар бойынша да жұмыс жүргізілуде. Жағалау бойынша кестеге сай жұмыс атқарып келеміз», – деді.
Ермек Боранбайұлы қаланы газ-мазутты қазан-дықпен жабдықтаудың маңызын ескертіп, осы бағыттағы келіссөздерді жалғастыруды тапсырды. Облыс әкімі карантин уақытындағы көлік ағынының азаюын жол құрылысы саласында ұтымды пайдалануға шақырды.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий