Халал сертификатын иеленді

Көкшетаудағы танымал «LONDON» спорт-бары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «ХАЛАЛ» сертификатын иеленді.
Аталған қоғамдық орын, еліміздегі спорт- барлардың арасында алғаш рет осындай ізгі қадамға барып отыр. Енді мұнда спирттік ішімдіктерді шеттетуден бөлек, құмар ойындарға да тосқауыл қойылды. Яғни, спорт-барда қандай да бір спорттық жарыстың бәсекесі үшін ақша тігілмейді. Ал, ең таңғаларлығы — «LONDON» спорт-бары алдағы уақытта әрбір жұма күні кешкісін ұлттық құндылықтарға ден қойып, ақындар айтысы, ән-күй сайысы, жыр-терме байқауы секілді іс-шаралар ұйымдастырмақ. Осылайша, аталған мекеменің қызмет түрлері түбегейлі өзгереді.
Айта кетейік, соңғы жылдары Көкшетауда «Халал» стандартынан өткен дәмханалар көбейіп келеді.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий