Халықаралық байқаудың жеңімпазы

Жерлесіміз, жас қылқалам шебері Айнар Ғабдолла халықаралық суретшілер байқауында гран-при иеленді. Жапонияда өткен сайыс онлайн форматта ұйымдастырылды. Байқауға әлемнің 24 елінен 5 мыңға жуық жас қылқалам шебері қатысты. Кіл мықтылардың арасында жерлесіміздің бағы жанып, бас жүлдені еншіледі. Осылайша, әлемдік додада елдің намысын лайықты қорғаған жерлесіміз Алғыс хатпен қоса 2 мың ақш долларын иеленді. Ол осы байқауға сия-сы кеппеген өзінің бес туындысын ұсынған. Айнардың арманы асқақ. Ол бүгінде облыс орталығындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде білім алады. 4 сынып оқушысы сурет салудан бөлек, басқа пәндерді де ерекше ынтамен оқиды дейді мұғалімі Алтын Сүлейменова. Айнар төрт жасынан бастап сурет салады. Қиялындағы түрлі кейіпкерлер мен бейнелерді ақ қағазға түсіруді әдетке айналдырған. Балғын суретші осындай ауқымды жарысқа алғаш рет қатысып отыр. Болашақта дизайнер мамандығын таңдап алмақ.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий