Халықаралық әуе рейстері

Аймақтық коммуникация қызметініде өткен брифинг барысында мәлім болғанындай ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап Шымкент-Көкшетау-Шымкент авиация маршруты қайтадан қалпына келтірілмек. Жолаушылар аптасына екі рет, жұма және жексенбі күндері ұшу мүмкіндігіне ие бола алады. Бұл рейсті «SCAT» авиакомпаниясы атқаратын болады. Сондай-ақ, 21 мамырдан бастап, «S7 Airlines» компаниясы Москва (Домодедово) – Көкшетау-Москва (Домодедово) халықаралық маршруты бойынша жолаушы тасымалымен айналысады. Билеттің құны шамамен 48-50 мың теңге. Қазіргі таңда Көкшетау аэропорты арқылы Ақтау-Көкшетау-Ақтау, Алматы-Көкшетау-Алматы, бағытында республика ішіндегі рейстер аптасына екі рет жүзеге асырылуда. Самолеттердің ұшу және келу кестесі көкшетаулық жолаушылардың Ақтау, Алматы және Шымкент аэропортынан Солтүстік Кавказ, Түркия және Ресейдің оңтүстік бөліктеріне тез ұшуға сәйкес келеді.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс