Халықтың әл-ауқатын арттыру – негізгі басымдық

«Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Ақмола облысына арнайы келіп, партия Төрағасы анықтап берген жаңа жобалардың іске асырылу барысымен танысты.

Graphic1Мәулен Әшімбаев Ақмола облыстық партия филиалының кезектен тыс XXХІ конференциясының жұмысына қатысты. Жергілікті нұротандықтар алдында сөйлеген сөзінде Мәулен Әшімбаев Елбасы саясатын одан әрі жалғастырып, Тұңғыш Президент жолының сақталуына басты кепіл болу партияның негізгі міндеті екенін айтты. Одан бөлек, партияның жаңадан қабылданған «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» атты бағдар-ламасын жүзеге асыру барысына назар аударды. Бұдан кейін Мәулен Әшімбаев партияның облыстық филиалы төрағасы қызметіне Ермек Маржықпаевтың кандидатурасын ұсынды. Делегаттар ұсынысты қолдап да-уыс берді. Жаңа сайланған партия филиалының төрағасы үлкен істің тізгінін беріп, зор сенім білдіргені үшін партия мүшелері мен ақмолалықтарға алғысын білдіріп, Елбасының сындарлы саясатын жүзеге асыруда аянбай еңбек ететіндігін жеткізді.
Ақмола облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде ашылған Бірыңғай әлеуметтік терезеге бір айдың ішінде көпбалалы отбасылардан 431 өтініш келіп түсіп, оның жартысына жуығы (43%) дереу шешімін тапқан. Сондай шешімдердің бірі Мәулен Әшімбаев пен облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен орын алды. Нақты айтқанда, қызының оқу ақысы үшін көмек сұрай келген көпбалалы ана Үмітжан Қобыловаға қажетті сомада қаржылай қолдау көрсетілді. Сондай-ақ, оның пәтер жалдап тұратыны ескеріліп, баспана мәселесі де қаралып, облыс басшылығы тарапынан заң шеңберінде тиісті жұмыстар жүргізілетін болды. – «Халыққа көмек» тікелей Елбасының тапсырмасымен қолға алынған жоба. Сондықтан азаматтардың өтініштерін аяқсыз қалдырмай, белсенді жұмыс істеуіміз керек. Өйткені, халықты алаңдатқан мәселелерді оң шешіп, дереу қызмет көрсету – біздің басты міндетіміз, – деді Мәулен Әшімбаев.
Талдау нәтижесі көрсеткендей, бүгінде аталған облыстағы көпбалалы отбасыларды ең алдымен баспана мәселесі алаңдатып отыр. Сондай-ақ, мемлекет тарапынан берілетін материалдық, атаулы әлеуметтік көмектерді рәсімдеу, балаларды балабақшаларға орналастыру, жұмыспен қамту, жұмыс берушіден еңбекақысын уақытылы ала алмау сияқты мәсе-лелер де тіркелген. Партия облыстық филиалы басшысының айтуынша, Бірыңғай әлеуметтік терезе арқылы келіп түскен өтініштердің ешқайсысы қа-
раусыз қалмай, олар бойын-ша тиісті жұмыстар қолға алынады. Осы ретте бүгінде партияға өтініш білдіру үшін көптеген жаңа мүмкіндіктер ашылғанын атап өткен жөн. Яғни, дәстүрлі жолдардан бөлек, азаматтар сайт арқылы (kk.nurotan.kz), электронды пошта арқылы (komek@nurotan.kz), Call Center арқылы
(8 800 080 4441) өз өтініштерін білдіре алады. Сонымен бірге әлеуметтік желілер мен WhatsApp мессенджері
(8 700 800 441) және Электронды үкімет порталы арқы-лы да көмек сұрап хат жазуға мүмкіндік қарастырылған.
Сонымен қатар Мәулен Әшімбаев Көкшетау қаласындағы Қақжановтар отбасына арнайы барды. Бұл отбасы төрт бала тәрбиелеп отыр. Өкінішке қарай олардың екеуі сал ауруына шалдыққан. Бұған дейін отбасы мемлекеттік бағдарламамен жалға алған екі бөлмелі пәтерлерінің қалған сомасын өтеп, толығымен сатып алу үшін партиядан қолдау сұраған болатын. «Бақытты отбасы» жобасы аясында аталған мәселе оң шешімін тапты. «Бұл бастама да Елбасының тікелей бақылауында. Өйткені, көпбалалы отбасыларға жүйелі қолдау көрсету мемлекетіміздің негізгі басымдығы», – деді Мәулен Әшімбаев.
Сапары барысында Мәулен Әшімбаев Көкшетау қаласындағы су басқан «Привокзальный» шағын ауданының тұрғындарымен кездесті. Аталған мәселеге байланысты ол партияның жергілікті филиалына төтенше жағдаймен күрес жұмыстарын бақылауда ұстап, зардап шеккен әр азаматтың мемлекет тарапынан берілетін міндетті көмекті алуын қамтамасыз етуді тапсырды: «Елбасы, партия Төрағасының алдымызға қойып отырған ең басты міндеттерінің бірі халықты алаңдатқан кез келген мәселені оң шешуге ықпал ету. Сондықтан су тасқыны сияқты айтып келмейтін апаттардан зардап шеккен азаматтарға қолдау көрсету партия жұмысындағы басым-дықтардың бірі болып саналады. Мұндай мәселені қайта болдырмау үшін алдын алу жұмыстарын күшейтіп, басты себебімен күресуіміз керек. Сондықтан партия облыс басшылығының осы бағыттағы жұмыстарын тікелей өз бақылауында ұстайды».

Ә.ҚҰЛЖАНОВА.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий