Халыққа ашық әкімшілік

Қала әкімі Бауыржан Ғайса облыс орталығындағы мемлекеттік органдар және ведомство өкілдерімен бірге халыққа қабылдау жүргізіп, өзекті деген мәселелерді бірлесіп шешуге тырысты.
Төрт сағатқа жуық уақытқа созылған қабылдауға бұдан бұрын жазылып қойғандарды есептемегенде 25 адам келді. Осы кезге дейін өзекті болып келген баспана мәселесін алға тартқандар көп. Сонымен қатар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, абаттандыру, жер учаскелерін жалға алу, қоғамдық көліктердің жетіспеушілігіне қатысты сұрақтар да болды. Көпшілікті №115 бағытта жүретін қоғамдық көліктің тоқтап қалуы толғандырады. Ол бағытты жекеменшік иесі өз мойнына алған, бірақ тиімсіз болып қалғандықтан әрі қарай жұмыс істеуден бас тартқан. Жақында бұл мәселе шешім таппақ. Мүгедек арбасына таңылған жұба-
йын күтіп отырған Құралай Байбекова болса, Васильков мөлтек ауданындағы үйдің 8-ші қабатынан «Сарыарқа» мөлтек ауданындағы жаңа үйдің төменгі қабатына ауысқысы келеді. Алайда, «Тұрғын үй туралы» Заңға сәйкес, мұндай шаруамен әкімшілік айналыспайды, оны тек өзі ғана шешуге тиісті. Бұл күні сондай-ақ өз үйінің жанынан техникалық қамту станциясын салып жатқандарға шағым айта келгендер де болды. Бәрі заңға сәйкес болса, жекеменшік кәсіп иесінің жұмыс істеуіне ешкім де кедергі жасай алмайды. Жалпы, қабылдауға келген тұрғындардың барлығына тиісті жауаптар беріліп, шешімін күткен мәселелер назарға алынады деп уәде етілді.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий