Халыққа қызмет – абыройлы міндет

«Достар» мәдениет сарайында Қазақстан Республикасы әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлері күні мерекесіне арналған салтанатты жиналыс болып өтті. Жиынға Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
Бұл мереке 2011 жылы ғана таға-йындалған, ең жас кәсіби мерекелер қатарында. Сала қызметкерлерінің атқаратын негізгі жұмысы халыққа қызмет, қамқорлық. Ресми міндетке қоса мұқтаж жандарға мейірімділік көрсетіп, мұң-мұқтажын тыңдап, өмір-тағдыры басына салған қиындықтарын байыптап, түсіну, көмек қолын созу да осы сала мамандарына тиесілі. Ол қызметкерлерден кәсіби сауаттылыққа қоса үлкен төзім, адамгершілік пен мәдениетті талап етеді. Демек, бұл салада кең жүректі, мейірім мен кішіпейілділікті жоғары ұстаған мейірбан жандар қызмет істейді. Сондықтан, осынау кәсіби мерекелері үстінде сала үздіктерін марапаттау, оларға құттықтау сөз арнап, жылы лебіз білдірудің маңызы ерекше.
Әлеуметтік сала қызметкерлерін құттықтап, оларға мықты денсаулық, шыдам мен төзім, іскерлік, қажыр-қайрат тілеген облыс әкімі Ермек Маржықпаев бірқатар сала мамандарына «Әлеуметтік қызмет көрсету саласының үздігі» төсбелгілерін, министрліктің Құрмет Грамоталарын, облыс әкімінің Алғыс хаттарын табыс етті. Салтанатты жиналыс мерекелік концертпен аяқталды.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий