Халыққа қызмет – басты міндет

Қазақстан Республи-касының 1993 жылдың 10 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өкілетті және атқарушы органдар туралы» Заңы негізінде қалалық мәслихат өз өкілеттігін жүзеге асырады.
Жергілікті өкілетті органдарға сайлаудан кейін Көкшетау қалалық мәслихаты – бірінші шақырылған депутаттар жиналысының бірінші сессия-сында 1994 жылғы 5 сәуірде оның құрылымы мен штаттары бекітілді.
I шақырылған Көкшетау қалалық мәслихаты (1994-1999 ж.ж.) 1994 жылғы 5 сәуірде Көкшетау қалалық мәслихаты – депутаттар жиналысының бірінші сессиясында қалалық мәслихат аппаратының құрамы 6 адам, оның ішінде хатшы – Краморенко Борис Васильевич және 4 бас маман бекітілді. Үш тұрақты комиссия құрылды: тексеру, заңдылық пен адам құқықтарын сақтау жөніндегі комиссия, сондай-ақ, бюджет мәселелері жөніндегі комиссия.
Екінші шақырылған (1999-2003 ж.ж.) қалалық мәслихаттың хатшысы болып білім саласында көп жылдар еңбек еткен Бузина Екатерина Петровна сайланды.
2001 жылғы қаңтарда Парламент «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заң қабылдады. Соның негізінде мәслихаттарға саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің ҚР Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезінде аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамын сайлау ұсынысы бойынша қосымша өкілеттіктер берілді.
2003 жылдың 20 қыркүйегінен бастап үшінші сайланған (2003-2007 ж.ж.) депутаттық корпус өз қызметін бастады. Қалалық мәслихаттың хатшысы болып Ғазизов Хабиболла Хамитұлы бірауыздан сайланды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 40-бабының 3-тармағына сәйкес, жергілікті атқарушы органдардың халық алдындағы жауапкершілік деңгейін арттыру, әкімдердің есеп беруін қамтамасыз ету мақсатында, барлық деңгейдегі әкімдер өз құзыреті шегінде, мәслихат регламентінде көзделген тәртіпке сәйкес жылына екі рет мәслихат депутаттарының алдында өздеріне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есеп беретін болды.
IV шақырылған Көкшетау қалалық мәслихатының (2007-2012 ж.ж.) жұмысын өңір тұрғындары арасында беделге ие болған Мұстафина Қымбат Қайыркеқызы жалғастырды. Ол өкілетті органның жұмысын ұйымдастыра білді, әрбір мәселенің мән-жайын мұқият тыңдап, мәселелерді егжей-тегжейлі талдады, оларды шешу бойынша бірыңғай пікірді ұжымдық тұжырымдауға тиісті көңіл бөлді.
V шақырылған Көкшетау қалалық мәслихаты бесінші шақырылымдағы (2012-2016 ж.ж.) сайланған депутаттар арасында 13 – ер адам, 3 – әйел адам. Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы болып Бегалин Боранбай Қаріпқалиұлы сайланды.
2016 жылы алтыншы шақырылған қалалық мәслихат депутаттарының (2016-2021 ж.ж.) сайлауы өтті. Көкшетау қалалық мәслихатының бірінші сессиясында хатшы болып Бауыржан Сейітқалиұлы Ғайса сайланды (2016-2018 ж.ж.).
Өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату себебімен ол Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды.
Қалалық мәслихаттың басты назарында – қала бюджеті, оны қалыптастыру, орындау, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу. Депутаттар сессия отырыстарында бюджетті бекітіп қана қоймай, сонымен қатар сындарлы ұсыныстар енгізеді.
Мәслихат қызметі қала әкімдігімен тығыз байланыс-та жүзеге асырылады. Әрбір жылдың соңында, алдағы жылға жасалған жұмыс жоспарының жобасы алдын ала тұрақты комиссиялардың отырыстарында қаралады, атқарушы органмен бірлесіп және олардың пікірлері мен тілектерін ескере отырып, талқыланады, сессияда бекітіледі.
Мәслихаттың хатшылары барлық іс-шараларға қатысады, қала тұрғындарымен жиі кездесіп, қала экономикасын нығайту, халық қалаулыларының жұмысы жөнінде хабардар етуге тырысады. Менің әріптестерім – депутаттар, сондай-ақ, әкімдік отырыстарының жұмысына, қалада өткізілетін түрлі қоғамдық-саяси іс-шараларға қатысады, бұл олардың көп хабардар болуына және қызметін жандандыруға ықпал етеді.
Депутаттар жергілікті жерлерде сайлаушыларды тұрақты түрде қабылдайды. Оқиға орнында жүріп, олар сайлаушылардың қажеттілігін жақсы біледі.
Көптеген мәселелер тікелей орында шешіледі, бұл халық таңдаушылардың құзыреттілігі туралы айтады. Егер мәселелерді өз күшімен шеше алмаса, депутаттар әртүрлі басқару органдарына сұрау салады. 2018 жылдың 12 айында 63 депутаттық сауал дайындалды.
Депутаттар табиғи монополия-лар субъектілерінің тарифтерін негізсіз арттыру жөніндегі қызметін үнемі бақылайды, олар жылу, электр энергиясы, су, қоғамдық тыңдауларға белсенді қатысады.
Мәслихат депутаттары аз қамтылған азаматтарға жан-жақты көмек көрсетіп, демеушілік көмек те көрсетеді. Бүгін, өкілді органдар өзінің ауқаттылығын, ал депутаттар – кәсіпқойлық пен жауапкершілікті дәлелдеді деп сеніммен айтуға болады. Қазіргі мерейтойлық күн жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілді органдарының қалыптасуы мен дамуының белгілі бір кезеңінің қорытындысы ретінде үлкен мәнге ие. Осы жауапты міндетті шешуге алдыңғы бес шақырылым мен қолданыстағы алтыншы шақырылым депутаттарының күш-жігері салынды. Өз білімдерімізді, өмірлік тәжірибелерімізді, шығармашылық күш-жігерімізді біріктіріп, біз қалаған нәтижелерге қол жеткізе алатынымызға сенемін.

Еркін ИСІМБАЕВ,
Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий