Халық өтініші назарда

Қала әкімі Амангелді Смайылов жеке өтініштерімен келген тұрғындарды қабылдады. Бірі баспана, бірі ауласын абаттандыру жайын қозғады. Бұл жолы қабылдауға 3 адам келді. Сәкен Қиятбаев 4 баланың әкесі. Көкшетауға Қызылордадан сәуір айында көшіп келіпті. Қазір отбасымен пәтер жалдап тұрып жатыр. Көпбалалы отбастарына тиесілі баспана алғысы келеді. Өзі құрылыс саласында еңбек етеді. Өздері бұрын тұрып келген Байқоңыр маңындағы ауылда әйелінің атында үй бар екен. Сондықтан, оларды заң бойынша кезекке қоймайды. Үйі сатылғанның өзінде 5 жыл күту керек. Бұл отбасы атаулы әлеуметтік көмек те алып жатқан жоқ. Қала әкімі алдағы уақытта аталған отбасының мәселесін егжей-тегжейлі қарастырып, АӘК алуға жәрдемдесуге уәде етті. Көкшетаудағы Абай көшесіндегі 110 үйде тұратын Азамат Сейтуаров ауласын абаттандыруға көмек сұрады. Шаһар басшысы келесі жылы жөндеу жұмысына енгізіледі деді. Ал, қолында мүгедек баласы бар, өзі уақытша оқшаулау орталығында тұрып жатқан Динара Мержанова несиесін өтей алмай жүр. Өсімақысын қоса алғанда 600 мыңнан астам банкке қарыз. Жолдасымен ажырасқан. Қызы биыл 1-ші сыныпқа барыпты. «Мектепке жол» акциясына да іліге алмапты. Өзі жұмыссыз. Қала әкімі жалғызбасты анаға көмектесуге уәде етті.

Г.БӘЙІШЕВА.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий