ХХХІ Жазғы Олимпиада: алғашқы наградалар

Көкшетау қалалық жастар ресурстық орталығы 5 тамызда ХХХІ Жазғы Олимпиадаға қатысушы қазақстандық спортшыларға қолдау көрсету мақсатында «Нұр» кешені жанында акция өткізді. Оған қаламыздың жас өнерпаздары қатысып, өнер көрсетті, құттықтау сөздер айтылды.

5 тамызда Бразилияның астанасы Рио-де-Жанейро қаласындағы ХХХІ Жазғы Олимпиадасының ашылу салтанатын 2 миллиард жанкүйер тамашалапты. Көрерменге, жанкүйерлерге ерекше әсер қалдырған бұл шоу табиғатты аялау, оның байлықтарына ұқыптылықпен қарау жөнінде адамзатқа үлкен ой тастады. Ал, алғашқы ойын нәтижелеріне келетін болсақ, Қазақстан құрама командасының дзюдошысы Отгонцегцэг Галбадрах 48 келі салмақ бойынша сынға түсіп, қола медальды еншілесе, ерлер арасында дзюдошы Елдос Сметов 60 келі салмақ бойынша күміс медальды олжалады. Бразилияның атақты Копакабан саяжайында велоспорттан өткен жарысқа 142 спортшы қатысып, жалпы ұзындығы 237,5 шақырым бойынша сынға түсті. Қазақстан намысын Андрей Зейц пен Бақтияр Қожатаев қорғады. Біз оларды алғашқы ондықтардың қатарында көрінеді деп ойлағанбыз, алайда Андрей шеберлік танытып, сегізінші орыннан көрінді.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс