Чемпионға құрмет көрсетілді

Көкшетауда Токио қаласында өткен 16-шы Параолимпиада ойындарының жеңімпазы Давид Мамиевич Дегтяревке құрмет көрсету шарасы өтті. Жиында сөз алған Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев: «Конституция күні мерекесі қарсаңында біз өте жағымды жаңалықты естідік. Біздің жерлесіміз Давид Дегтярев барлық қазақстандықтарға өте тамаша сый жасады. Біз оның жетістігін мақтан тұтамыз және зор денсаулық пен табыс тілейміз», – деп атап өтті. Ел намысын ақтаған жеңімпазға облыс әкімі 3 бөлмелі пәтердің сертификаты мен көлік кілтін табыс етті. Жерлестерінің қошеметіне бөленген Давид «Мен өзімнің және Ақмола облысының спортшылары атынан біздің саламызға көңіл бөліп жатқандарыңызға алғыс айтамын. Мен осы жеңісімді еліме арнаймын және халқыма алғысымды білдіргім келеді», – деді. Сонымен қатар, облыс әкімі атап өткендей, бұл жеңісте Давид Дегтяревтің жаттықтырушысы Юрий Колесниковтың еңбегі орасан зор. Осыны ескере келе чемпион жігіттің бапкеріне 5 млн теңге сыйға берілді.
Айта кетсек, Давид Дегтярев парапауэрлифтингпен 2016 жылы айналыса бастаған. 2018 жылғы III Азия параойынында екінші орынға ие болып, 2021 жылдың мамыр айында Тбилисиде салмағы 185 кг штанганы көтеріп, Азия рекордын жаңартқан. Сонымен қоса, әлем кубогының жеңімпазы атанды.

Айғаным АСЫҒАТОВА.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий