Чехиядағы байқауға қатысты

Шығармашылық байқаулар балалардың ізденістері мен ойларын, қабілеттері мен қиялдарын дамытады. Мектептен тыс бос уақыттарында түрлі байқауларға қатысуына, белсенді өмірлік көзқарасын қалыптастыруға да ықпал жасайды.

IMG_0571

«Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығының, «Жұлдыз», «Мұрагер», «Балдәурен», «Мирас» балалар аула
клубтарының тәрбиеленушілері Чехияда «Perspektiva plus» халықаралық инновациялық орталығы ұйымдас-
тырған сәндік-қолданбалы өнер және балалар суреттері байқауына қатысты. Байқау нәтижесі бойынша «Жұлдыз» аула клубының шәкірттері Айша Әшім (жетекшісі Г.Каримолдина), Архат Қасымов және Еслям Қасым (жетекшісі А.Қасымова) бірінші орынға ие болды. Ал, «Мирас» және «Балдәурен» клубының тәрбиеленушілері Мәдина Қадыр (жетекшісі Н.Мусина) бірінші орынды еншілесе, «Балдәурен» клубының тәрбиеленушісі Михаил Гора (жетекшісі А.Алгазимова) 1 дәрежелі лауреат атанды. Осындай құрметке «Мұрагер» клубының тәрбиеленушілері Жәния Ренатова, Руслан Найкин, Сабина Даулыбай, Валентин Мартынов, Анастасия Мартынова да бөленді. Жеңімпаз атанған көкшелік жас дарындарды осынау шығармашылық табыстарымен құттықтаймыз.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс