Шаңырақ – қастерлі ұғым

Көкшетау қаласының тарихы музейі Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шара өткізді. Отбасы – ежелден ұлы құндылықтармен қатар қойылып, шаңырақ – киелі, қастерлі ұғым саналған. Шараға сүйкімді төрт қыз бен бір батыр ұлды тәрбиелеп отырған көпбалалы ана, Ақмола облыстық ауруханасының жансақтау бөлімінің анестезист-медбикесі Айсұлу Сақтағанованың отбасы арнайы шақырыл-ды. Қонақтар ұлттық құндылықтарымызды ұлықтауға арналған логикалық ойындар, этногра-фиялық көрмедегі киіз үй жиһаздары мен өзге де ұлттық бұйымдарымыз ар-қылы салт-дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымыз-дан мағлұмат алды. Тағылымды іс-шараға ата-анасымен бірге қатысқан бүлдіршіндер үшін, әсіресе, туған күні Наурыз мейрамымен тұспа-тұс келетін кішкентай Гауһар үшін ерекше әсерлі күн болды. Ата-ана ретінде өз балаларына тәлім-тәрбие берумен қатар, қиын кезеңде адамдарды ажалдан арашалап, науқастарға үміт пен өмір сыйлап жүрген Айсұлу Құдайбергенқызы мен қауіпсіздікті сақтау саласында еңбек ететін жолдасы Мүсілім іс-шара барысында түрлі ұлттық ойындарға белсене қатысып, өз өнерлерін ортаға салған ұл-қыздарының қуанышын көріп, отбасылық тамаша демалыс үшін музей ұжы-мына ризашылықтарын білдірді. Мерекелік арнайы ас – наурыз көжеден дәм татып, оның жасалу әдіс-тәсілдерімен жақынырақ танысқан отбасына музей атынан естелік сыйлықтар, балдырғандарға тәттілер табыс етілді.

Күнсұлу Нұрғалиева,
Көкшетау қаласының тарихы музейінің бөлім меңгерушісі.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий