Шаңғышылар қоржынында алты алтын

Талғар қаласындағы «Алатау» шаңғы биатлон кешенінің базасында өткен ҚР Кубогының шаңғы жарысында 120-дан астам спортшы күш сынасты. Нәтижесінде ақмолалық шаңғышылар он бір медаль ұтып алды, оның алтауы алтын, деп хабарлайды облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

Жеті күнге жалғасқан жарыс барысында ақмолалық шаңғышылар бес бағыт бойынша: спринт пен еркін стильдегі жеке старттық жарыс, спринт пен классикалық стильдегі жеке старттық жарыс, еркін стильдегі масс- старт бойынша күш сынасты. «Қазақстан кубогы дәстүрлі түрде бірнеше кезеңмен ұйымдастырылатын сайыс. Кезеңдердің маңыздылығы сол, жаттықтырушылар штабы мен команда менеджменті өткізілген жарыс қорытындысы бойынша биылғы жылғы жас-тар мен ересектер Әлем чемпионаттарына қатысушылардың тізімін жасақтайды», –дейді Шаңғы жарысы Федерациясының бас хатшысы Андрей Невзоров.
Жарыс қорытындысы бойынша ақмолалық спортшылар түрлі дәрежедегі он бір медальды жеңіп алды. «Еркін стильдегі спринт» бойынша ерлер намысты қолдан бермеді. Денис Волотка алтыннан алқа тақса, екінші орынды Николай Чеботько, ал үшінші орынды Константин Борцов жеңіп алды. Қыздар арасында алтын медальға Эльмира Мутагарова қол жеткізді. Жеке старт бойынша еркін стиль жарысында Денис Волотка алтын алса, Евгений Величко қола медаль еншіледі. Жеке старт бойынша классикалық стильде қыздар арасында үшінші орынды Валерия Тюленева жеңіп алса, ерлер арасында үздік бағаға Олжас Климин, одан кейін жеткен Денис Волотка ие болды. Еркін стильдегі масс-стартта Валерия Тюленева мен Олжас Климин чемпион болды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий