Шаһар жаңа бағытта дамиды

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин облыс орталығындағы бірқатар нысандарды аралады. Сапар барысында қала әкімі Ермек Маржықпаев өңір басшысын шаһарда жасалып жатқан оң өзгерістермен таныстырды.

Облыс әкімі алдымен жақында құрылысы аяқталған Красный Яр се-лосы мен Чайкино поселкесiн байланыстыратын жаңа көпiрді барып көрді. Осыдан екі жыл бұрын көктемгі су тасқыны кезінде көпірдің жанындағы бос топырақты су шайып кеткені белгілі. Көпір құрылысымен айналысқан мердігер ұйым – «ЭкспертАрсенал» ЖШС нысанды үш айдың ішінде аяқтады. Көпірдің ені 3 метр, ұзындығы 60 метр. Құрылысқа үш қабатты плиталар пайдаланылғандықтан, мердігерлер көпір тұрғындарға елу жылдан артық қызмет ететіндігіне сенімді. «Көптің тілегі орындалып, жаңа көпірдің сапалы етіп тұрғызылғанына ризамыз. Селолық округте бұдан басқа да ауыз толтырып айтарлық өзгерістер көп. Көшеміз жөнделіп, жарықтандырылды», – деп жергілікті тұрғындар атынан алғыс білдірді Қапез Мусин.
Бұдан соң өңір басшысы Краснояр селолық округі әкімдігінің екі қабатты жаңа әкімшілік ғимаратында болды. Мұнда ХҚО, полиция пункті мен селолық әкімдік орналасқан.
Красный Ярда «Тазалық» ЖШС қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында қоқысты сұрыптау желісін іске қосуда. Өңір басшысы сұрыптау кешенінің жұмысымен танысты. Кәсіпорын өз қаражаты есебінен арнайы құралдар сатып алған. Өндіріс орны жылына 30 мың тонна қоқыс сұрыптауға қауқарлы. Жоба құны – 60 миллион теңге. Полигонға қаланың заңды және жеке тұлғаларынан қатты тұрмыстық қалдықтар қабылданады. Былтыр 7109 тонна қатты қалдықтар, 1283 тонна құрылыс қалдықтары қабылданған.
«ВетроИнвест Көкшетау» жауап-кершілігі шектеулі серіктестігі Красный Яр селосында жел электр станциясын салуда. Жоба құны – 1,7 млрд теңге. Жаңа жоба селоны толықтай электр қуатымен қамтамасыз етуге қауқарлы екенін айтады мамандар. Қазіргі уақытта Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінде ұсынылған «NEG Micon» компаниясының бес жел генераторы орнатылған. Қуаттылығы – 3,75 МВт. Жаңа нысан биылғы жылдың мамыр айында іске қосылады деп жоспарланған.
2016 жылы ашылған «Нәтиже Сүт Фабрикасы» ЖШС сүт өнімдерін өңдеумен айналысады. Былтыр зауыт 405 млн теңгенің 1,150 тонна жоғары сапалы өнімін шығарған. Қаймақ, айран, сүт, йогурт, ірімшік түрлеріне сұраныс артқан. Облыс басшысы кәсіпорынның өндірістік цехтарын аралап, еңбек жағдайымен танысты.
Облыс әкімі атбасын тіреген «Намыс» ЖШС кварц құмын өндіріп, қабырға блоктарын шығарады. Жылына 75 мың текше метр құрылыс материалдары өндіріледі. Облыс орталығының барлық құрылыс компанияларын құммен қамтып отырған серіктестік кварц құмы-
ның 12 түрін елімізбен қатар Ресей,
Түркия, Қытай мемлекеттеріне экспорттауда. Кәсіпорын құрылыс жұмыс-тарынан бөлек көлдерді тазарту бо-
йынша экологиялық жобаларға қатысты. Қазіргі уақытта серіктестік бетон және темірбетон өндірісі желісін ашып, Индустрияландыру картасына енуді жоспарлап отыр.

Әсем ҰЛАНҚЫЗЫ.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий