Шеберлігімен бөлісті

Ақмола облыстық ауруханасында Астана қаласындағы нейрохирургия орталығынан келген дәрігер нейрохирург Асылбек Қалиев өзінің әріптестеріне шеберлік сабағын жүргізді. Бұл жерде басты мақсат – тәжірибе алмасу. Бірінші күні-ақ миына қан құйылып, инсульт орталығына түскен 4 адамға операция жасалды. Медициналық құрал-жабдықтар жетілдірілген заманда адамның бас сүйегін ашпай-ақ қан тамырларының жұмысын реттеуге болады. Науқастар 1-2 күнде үйіне жіберіледі. Астаналық дәрігер мен облыстық аурухананың нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Ерлан Аяғанов екеуі бірлесіп, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін қатыстыра отырып, жансақтау бөлімінде жатқан 17 жасар қыздың бас сүйегін тексерді. Далада есінен танып құлаған бұландылық бойжеткенде қан ұйып қалу дерті анықталмады. Дәрігерлер науқасты ары қарай тексеретін болады. Ал, нейрохирург мамандар инсульт алуға дейін жеткізбей, дәрігерлерге уақытында қаралып тұруға кеңес береді. IMG_9462

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий