Шеберлік танытты

Көкшетау қаласында жасөспірімдер, қыздар, ерлер мен әйелдер арасында киокушинкай-кан каратэден рес-публика чемпионаты өткізілді. Оған республикамыздың он бір аймағынан 12 жастан жоғары 300 каратист қатысты. Бұл чемпионаттың тағы бір басты ерекшелігі қатты заттарды сындыру жөнінен сынақ болды. Жарыс нәтижесі бойынша командалық есепте Астана қаласы жүлдегер атанды. Одан кейінгі екінші және үшінші орындарды Ақмола және Шығыс Қазақстан мен Қарағанды облыстарының спортшылары бөлісті. Жеңімпаз командалар мен ойыншылар ескерткіш медальдармен және дипломдармен марапатталды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс