Шетелден әкелінген көлігін тіркеді

Көкшетау қаласының 68 жастағы тұрғыны Қанат Жұмабаев Армениядан әкелінген автокөлігін ресми түрде өңірде бірінші болып тіркеді. Ол «Toyota Camry» автокөлігін өткен жылы әкелген. Осы жылдың басында Еуразиялық экономикалық одақ елдері аумағынан әкелінген көліктерді тіркеу міндеті жарияланған болатын. Сол кезде өзге көлік жүргізушілері сияқты Қанатты да көлігін ресми түрде тіркеу үшін ірі көлемде қаржы жұмсалатындығы толғандырды. «Мен Үкіметтің соңғы шешіміне қатты қуандым. Және де көлігімді ресми тіркеген күні мамандандырылған ХҚКО барып, мемлекеттік нөмірімді алдым», – дейді көлік иесі Қанат Жұмабаев. Айта кетейік, мамырдың 20-да ҚР Үкіметі 2020 жылдың 1 ақпанына дейін Армениядан әкелінген автокөліктерді тіркеу туралы шешім қабылдады. Тіркеу 1 маусым мен 1 қыркүйек аралығында жүргізіледі. Тіркеу жарнасы – 695 теңге, тіркеу куәлігі үшін төлем – 3 473 теңге және мемлекеттік тіркеу нөмірі үшін – 7 778 теңге. Төлемдердің жалпы сомасы – 11 946 теңге.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий