Шешімдерге өзгерістер енгізілді

26-шы шілде күні қалалық мәслихат депутатарының, күн тәртібіндегі мәселеге қатысы бар бөлімдер басшыларының қатынасуымен «депутат сағаты» болып өтті.Оны қалалық мәслихат хатшысы Ж.Әбішев жүргізді.Депутат сағатында депутат Ә.Шәрімова, экономика және бюджет бөлімі басшысының орынбасары А.Қабдуллаева, жер қатынастары бөлімі жетекшісінің міндетін атқаруша И.Гусеиновтердің хабарламалары тыңдалды.

          Депутат сағатына Көкшетау қаласының әкімі А.Смайылов қатынасып, күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде айтып берді.

Одан кейін алтыншы шақырылған Көкшетау қалалық мәслихатының кезектен тыс 35-ші сессиясы болды. Сессияға депутат Ә.Шәрімова төрағалық етті. Сессияда «Көкшетау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № С-26/3 «2019 жылы денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіп салаларында жұмыс жасауға  және ауылдық жерлерде тұруға келгендерге үстемақы беру, тұрғын үй сатып алу немесе құрылыс жүргізу үшін әлеуметтік көмек көрсету» туралы шешіміне;

Көкшетау қалалық мәслихатының 2019 жылғы 28 науырыздағы №С- 30/3 «Қалалық  әкімшілік жанындағы жер телімдерін тағайындау жөніндегі комиссияның құрамын бекіту» туралы шешіміне өзгерістер енгізілді. Аталмыш комиссия құрамына Көкшетау қалалық жер қатынастары бөлімі жетекшісінің уақытша міндетін атқарушы И.Гусейнов, «Көкшетау қалалық сәулет және құрылыс» бөлімі жетекшісі міндетін уақытша атқарушы Б.Тәшметов, «Ақмола облыстық Ауғаныстандағы соғыс ардагерлері одағы» ҚБ-нің заңгері Д.Мұхаметхалиевтер енгізілді. Кезектен тыс сессияға Көкшетау қаласының әкімі А.Смайылов қатынасты.

Сессия өз жұмысын аяқтаған соң Көкшетау қаласының әкімі А.Смайылов, Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы Ж. Әбішев, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының орынбасары З.Нұрымовалар кезінде Көкшетау қалалық мәслихатының 2-ші және 3-ші шақырылымдарының депутаты болған, қалалық мәслихат хатшысы, қалалалық оқу бөлімінің басшысы сияқты лауазымды қызметтер атқарған ардагер Хабиболла Ғазизовты 70 жасқа толуымен құттықтап, оның иығына шапан жауып, гүл шоқтарын, ескерткіш сыйлықтар ұсынды. Х.Ғазизов өзінің ұзақ жылдарғы еңбегін жоғары бағалаған қала басшысы мен депутаттарға шын жүректен алғыс айтты.

                                                                                         «Көкше-ақпарат»

 

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий