Шуақты мерекедегі шаттық

«Көкшетау» мәдениет сарайында облыс әкімі Мәлік Мырзалин 8 Наурыз мерекесіне орай өткізілген салтанатты шараға қатысты. Оның барысында өңір басшысы көп бала тәрбиелеп, өсіріп отырған бір топ аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» марапаттарын тапсырып, әр салада жемісті еңбек етіп жүрген бір топ азаматшаларға «Алғыс хат» тапсырып, құрмет көрсетті.

DSC_7915Көктемнің алғашқы шұғылалы мерекесі Көкшетау қаласында да айрықша сән-салтанатпен аталып өтті. Өңір басшысы өз құттықтауында бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербететін аналар қашанда жаңа өмірдің жаршысы, жаңашылдықтың бастамашысы екенін айта келе, өңірімізге ғана емес, республикаға танымал болған З.Шуатаева, С.Жалмағамбетова, Қ.Мұстафина, тағы басқа да нәзік жандылардың есімдерін ерекше атап өтті. Облыстағы әр деңгейлі мәслихаттардағы 276 депутаттың 70-і әйел. Ал, 56 әйел селолық округ әкімдері болып қажырлы еңбек етуде. Қазіргі күні облыста 7 мың көпбалалы аналар бар. 8 Наурыз мерекесі қарсаңында Елбасы көп бала өсіріп отырған аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» медальдарымен марапаттау жөнінде Жарлыққа қол қойған болатын. Осы Жарлықпен облысымызда 21 ана осындай марапатқа ие болып отыр. Өңір басшысы 7 баланы дүниеге әкелген Степногорск қаласының тұрғыны Әлия Досмағамбетованы, шортандылық Сайрангүл Шотан және көкшетаулық көпбалалы ана Әсемгүл Маханбетова, Ақкөл ауданының тұрғыны, 11 баланы дүниеге әкелген Палсара Нұржановаларды «Алтын алқамен» және 6 бала тәрбиелегені үшін көкшетаулық Ғалия Алдабергенова, Динара Ілиясова, Кенжегүл Төлегенова, бұландылық Ольга Духовская, зеренділік Қаракөз Ысқақова, Біржан сал ауданынан Қайынжамал Қожахметова, ақкөлдік Салтанат Садырбаева, бурабайлық Анна Ситарскаяларды «Күміс алқа» алқасымен салтанатты түрде марапаттады. Өз кезегінде «Алтын алқа» иегері Палсара Нұржанова Елбасына, облыс әкіміне ризашылығын білдірді. Одан әрі 18 нәзік жандыларға облыс әкімінің Алғыс хаты және залдағы барлық аналар мен қыз-келіншектерге қызғалдақтар тарту етіліп, соңы мерекелік концертке ұласты.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий