Шынайы ықыластың жарқын белгісі
«Достар» мәдениет сарайында қала әкімі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен Алғыс айту күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Қала басшысы жиналған қауым-ды Алғыс айту күні мерекесімен құттықтай отырып, бұл мерекенің еліміздегі ұлттар достығы мен ынтымақтастығына және бірлігіне қосатын үлесінің зор екендігін атап өтті. – Алғыс айту күнi – күр-
делi заманда иық тiресе бiрге қиындықтарды еңсерiп, қысқа мерзiм iшiнде Елбасының басшылығымен Тәуелсiз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен елiмiздiң барлық азаматтарының бiр-бiрiне құрмет бiлдiретiн күн. Бүгiнгi таңдағы елiмiздегi бейбiтшiлiк пен келiсiм – қазақстандықтардың жоғары мәдениетi мен даналығының, қоғамдық келiсiм мен жалпыұлттық бiрлiк саласындағы салиқалы және көрегендi саясаттың нәтижесi деп бiлемiз, – дедi қала басшысы. Салтанатты жиында әр салада жемiстi қызмет атқарып жүрген бiр топ өзге этнос өкiлдерiне қала әкімінің алғыс хаттары табыс етілді. Мерекелік шара концерттік шарамен жалғасын тапты.