Шыршаның шамдары жағылды

Абылай хан алаңында өткен шараға облыс әкімі Ермек Маржықпаев қатысып, жиналған қауымды алда келе жатқан мерекемен құттықтап, жақсылық, бақыт тіледі. Көкшетау қаласының орталығында құрылған шырша мен оның айналасындағы мұз қалашығы биылғы жылы ерекше дизайнмен жасалған. Жаңа жылдың көркі атанған жасыл шыршаның маңына жиналған қауым оның безендірілуіне тәнті болды. Қалашықтағы Аяз ата мен Ақшақар, жаңа жылдың символы – тышқан бейнесі мен ертегі кейіпкерлері алаңға көрік беріп тұрғандай. Қала тұрғындары мен қонақтарына театрландырылған қойылым, концерттік бағдарлама ұсынылды, сондай-ақ, ыстық шәй мен нан өнімдері сатылған сауда нүктесі де орналастырылды. Шараға облыстық басқармалар мен мемлекеттік мекемелердің және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, қала тұрғындары мен жастары қатысты.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий