Шығармашылығы жөнінде айтып берді

М.Жұмабаев атындағы облыстық кітапхана жанындағы «Алтын Арқа» ақпараттық-сараптамалық орталығы белгілі айтыскер ақын, жазушы, драматург Баянғали Әлімжановпен онлайн конференция өткізді. Оған Қостанай облыстық Л.Толстой атындағы «Ақ қауырсын» әдеби жастар клубының мүшелері де қатысты.

Конференцияны «Алтын Арқаның» төрағасы С.Жетпісқалиев жүргізіп, соңғы жылдары «Сказ столетного Степняка» деген тақырыппен өзі орыс тілінде роман, көптеген әңгімелер жазып, ол шығармасы Мәскеуден, жақында ағылшын тілінде Лондоннан басылып шығып жатқан авторға көпшілік оқырманды толғандырып жүрген бірқатар сұрақтарды қойды. Қырыққа тарта кітабы жарық көріп, төрт көркем, алты деректі фильм түсірген, жиырма екі мәрте айтыстың Бас бәйгесін жеңіп алған, қырғыз тілінде «Манасты» жырлайтын біртуар өнерпаздың шығармашылығының қыр-сырына қызығушылар көп екені сөзсіз.
Жазушы өзінің жазу машығы туралы баяндап, кейінгі уақытта шыққан кітаптарымен таныстырды. «Манасты» қазақша жазып, ол Халықаралық Түркі Академиясының қолдауымен кітап болып шыққан, балдырғандарға бұрыннан жазып келе жатқан оның жаңадан шыққан «Әліппе» кітабы көз тартады, Лондоннан шыққан тағы бір альманахқа өлеңдері еніпті, Алматыдан орыс тілінде «Литературный Алматы» атты жинақ та қолына тиіпті. Жалпы, Б.Әлімжанов өлеңдері орыс, ағылшыннан басқа испан, француз, араб, қытай, жапон, неміс, түрік тілдеріне де аударылыпты.
Қонақ қойылған сұрақтарға орай қазақ жазушылары шығармаларының шет тілдерге аударылуы, балалар әдебиетінің дамуы жөніндегі көптеген сұрақтарға жауап берді.
Конференцияға қатысушыларды кітапхананың ақпараттық-библиографиялық бөлімінің библиографы Жадыра Әубәкірова Б.Әлімжановтың шығармашылығына арналған «Өмірдің өзі» деп аталатын электрондық басылыммен таныстырды.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий