Шұғыл жөнделді

Көкшетауда су құбыры жарылып, көпқабатты тұрғын үйлер уақытша судан ажыратылды. Оқиға орнына облыс әкімі Ермек Маржықпаев барып, жөндеу жұмыстарын бақылауға алды.
«Көкшетау Су арнасы» коммуналдық кәсіпорнының мәліметі бойынша, төтенше жағдай Ақан сері көшесінің бойындағы 116 тұрғын үйдің тұсында болған. Апатты ауыздықтауға «Су арнасы», «Көкше-Тазалық», «Көкше ДЭУ», «Көкшетау Жылу», полиция, төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері жұмылдырылып, төтенше жағдайдың зардабын жою жұмыстары жүргізілуде.
«Осы аумақта диаметрі 300 мм магистраль су құбыры жарылды. Апатқа желінің ескіргендігі себеп болды. Шойын құбырлар 1962 жылы пайдалануға берілген. Осыған байланысты Назарбаев даңғылы мен Ақан сері көшелерінің қиылысатын тұсы жабылып, көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды. Апатты жою үшін кешкі сағат 20:00-ге дейін 20 тұрғын үйді ауыз судан ажыратуға тура келді. Тұрғындарға су күні бойы тасымалданып жеткізіледі», деп түсіндірді «Көкшетау Су арнасы» коммуналдық кәсіпорнының диспетчерлері.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий