Шұғыл әрекет – қауіпсіздік кепілі

 Көкшетауда қатты аяздар күтілуде. Ауа райын бақылаушылардың мәліметтерінше, 22-26 қаңтар аралығында қалада ауа температурасы түнде -45 градусқа, күндіз -35 градусқа дейін төмендейді. Осыған байланысты өткен сенбі күні Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев қатты аязға байланысты сала басшыларымен шұғыл жиын өткізді.

Қалада төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында жедел штаб құрылды. «Көкшетау жылу», «Көкшетау Су Арнасы» коммуналдық кәсіпорындары күшейтілген режимде тәулік бойы кезекшілік атқаруда. Қазіргі уақытта жылу беру көздері тұрақты жұмыс жасауда. Отын жеткілікті, тұрғын үйлерде жылу бар. Қала аумағындағы автомобиль жолдары бақылауда. Білім беру бөлімі қала әкімдігімен бірлесе отырып, мектептерде сабақтардың болмауы туралы ата-аналарды уақытында хабарлауда. Құтқару қызметтері арнайы техникаларды әзірлеп, жолдарды тазалап, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жолдар бойында қажет болған жағдайда жылы орындар жұмысын ұйымдастырады. Полицейлер қылы сыртындағы жолдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Төтенше жағдай орын алған жағдайда қонақүйлермен меморандумдар жасалды. Сондай-ақ құқық қорғаушылар жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесіп белгілі тұрағы жоқ адамдарды бейімдеу орталығына орналастырумен айналысатын болады. Орталық 250 адамды қабылдауға қауқарлы.

Жиынды қорытындылаған қала әкімі аязды күндері ведомстволармен үнемі байланыс орнатып, орталық диспетчер қызметіне (ОДҚ) түскен қоңыраулар бойынша жедел әрекет ету қажеттігін ескертті.

Төтенше жағдайлар орын алғанда төмендегі телефондарға хабарласуға болады: ОДҚ – 25-78-25, Көкшетау қ. ТЖБ – 25-24-47, 25-80-32, 55-14-86, «Көкшетау Жылу» – 41-12-07, 40-11-31, 25-79-67, «Көкшетау Су Арнасы» – 77-27-77, 77-00-78, қалалық электр жежілер жүйесі – 26-48-12, 26-47-41, 26-47-42.

 

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий