Шәкіртті ізгілікке тәрбиелеп, отандық өндірісті қолдайық

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына сәйкес «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» тарапынан Көкшетау қаласы бойынша отандық өндірісті өркендетуге бағытталған кәсіпорындарға жан-жақты материалдық қолдау-көмек көрсетілуде. Олардың қатарында «Мансур», «Улыбка» балабақшалары, «Науфаль Шаңырақ» мүгедектерге арналған оңалту орталығы, «Стеклоцентр Көкше», «Көкше мебель» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері де бар.

Красный Яр селосында бос тұрған ескі үйді «Бэйби Бум» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Айнұр Жүсіпова ұзақ мерзімге жалға алды. Алайда, оны жөндеу үшін көп қаржы қажет болғандықтан «Сбербанк» акционерлік қоғамының жергілікті филиалынан 15 миллион теңге несие алып, 12 пайыздық жеңілдетілген ставка бойынша «Даму» қорының көмегін пайдаланды. Сөйтіп, жөндеу жұмыстарын тез арада жүргізіп, қажетті мебель, құрал-жабдықтар сатып алынды. Балабақша ауласы абаттандырылды. Барлығы 180 бүлдіршінге лайықталған «Мансур» балабақшасында бүгінгі күні 87 сәби тәлім-тәрбие алуда. Жеке кәсіпкер Сәуле Сатыбалдина да 12 пайыздық жеңілдік бойынша 29 миллион теңге несие алып, қазіргі «Улыбка» балабақшасы орналасқан ғимаратты сатып алды. Қазір оған 20 бүлдіршін барады. Мектепке дейінгі бұл мекемеде балет студиясы жұмыс істейді. Жаз айларында бүлдіршіндердің бассейнге түсіп, гүл және көкөніс өсірумен айналысуға да мүмкіндіктер жасалған. «Науфаль Шаңырақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Ғалия Рахымберлинаның қариялар үшін пансио-нат ашу жөніндегі идеясы «Даму» қоры мен «Сбербанк» акционерлік қоғамы тарапынан қолдау тапты. Сөйтіп, ол Көкшетау қаласының экологиялық таза аймағында салынған жеке меншік үйді пансионатқа айналдырды. Бұл пансионат жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен тығыз байланыста жұмыс істеуде. Жеке кәсіпкер Мударис Абдуллин шыны өнімдерін шығарумен он жылдан бері айналысып келеді. Әуелі шыны және айна сатумен айналысып, өзінің кәсіпкерлік жұмысын ұлғайтқаннан кейін «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша мемлекеттік қолдауға ие болды. Банк-тен алған несиеге плоттер сатып алды. Қазіргі таңда «Стеклоцентр Көкше» кәсіпорны шыны, мебель, есік шығарумен айналысып, аспалы төбе жасай алады. Журналистер болған соңғы кәсіпорын – «Көкше мебель» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өз өнімдерін Көкшетау, Атбасар, Щучинск, Степногор, Ақкөл қалаларындағы дүкендер арқылы сатуда. Көршілес Солтүстік Қазақстан облысынан да сұраныс бар. Серіктестік директоры Әмір Сақтағанов қол жеткен жетістіктермен шектелмей, өнім сапасын жақсарту үшін жаңа құрал-жабдықтар сатып алуды ұйғарды. Сөйтіп, «Даму-Өндіріс» бағдарламасы арқылы іскер кәсіпкер жылдық ставкасы алты пайыздық мөлшерде «Fortebank» акционерлік қоғамынан 40 миллион теңге несие алып, оған қажетті станоктар мен шикізаттар сатып алды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс