Ынтымақтастық меморандумы

Облыс әкiмi Мәлiк Мырзалин «Бiрiккен жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы басқармасының төрайымы Нұрбүбi Наурызбаевамен өзара ынтымақты жұмыс туралы меморандумға қол қойды. Шараға облыс активi мен қаржы мекемелерiнiң басшылары қатысты.

Облыс әкiмi екiжақты меморандум ұзақ мерзiмдi жемiстi жұмыс iстеуге негiз болатынына сенiм бiлдiрiп, зейнетақы қоры туралы ақпараттандыру бағытында бiраз шаруалар атқарылып жатқанын, әлi де назар аударатын мәселелер бар екендiгiн атап өттi. «БЖЗҚ» акционерлік қоғамы басқармасының төрайы-
мы құрылғанына жиырма жыл толған зейнетақы жинақтау қорының осы кезең iшiнде көптеген қиындықтарды жеңе отырып, айтарлықтай нәтижелерге қол жеткiзгендiгiн, бүгiнгi күнi жинақталған қор көлемi жалпы iшкi өнiмнiң 15 пайызын құрайтынын айтты. Дегенмен де, барлық кәсiпорындар мен мекемелер жинақтаушы қорға ақша аудара бермейдi. Мұның өзi адамдардың зейнетақы деңгейiне елеулi әсерiн тигiзедi. «Облыс әкiмдiгiмен жасалған меморандум осы бағыттағы жұмыстарды жандандыруға игi ықпалын тигiзедi деп сенемiн», – дедi «БЖЗҚ» акционерлік қоғамы басқармасының төрайымы. Зейнетақы жинақтаушы қорының қазiргi жай-жапсары туралы бейнебаян көрсетiлiп, онда елiмiздегi және облысымыздағы зейнетақы қорына ақша аудару жайында жан-жақты мәлiметтер қамтылды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс