Экологиялық сенбілік өтті

Өткен сенбіде бүкіләлемдік тазалық күніне орай Қопа көлінің жағалауында экологиялық акция ұйымдастырылды. Let’s do it! Qazaq Eli» қоғамдық қозғалысы мен маңызды бастамаларды қолдау қорының бірлескен идеясына қалалық әкімдік қолдау танытты.

Акцияның мақсаты – өзен мен көлдер, бөген-тоғандардың жағалауына санитарлық тазарту жұмыстарын жүргізіп, салиқалы іске тұрғындар назарын аудару. Шараға қалалық жастар ресурстық орталығы мен «Қазпошта» қызметкерлері, жоғары оқу орындарының студенттері мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері белсене қатысты. Оның барысында өзен-көлдердің бойы жылдағыдай қалдық-қоқыстардан тазартылды. Облыс орталығының коммуналдық қызметтері де көмек көрсетті. Акция барысында 30 қап қоқыс шығарылды. Ұйымдастырушылар тазалық шарасы алдағы уақытта да жалғасатынын айтады. – Өзен-көлдердің маңайын төңіректейтіндер тек тынығып қана қоймай, өздерінен қалған қалдықтарды жинастыруы тиіс. Себебі елімізді көгалдандырып, таза күйінде сақтау – біздің басты мақсаттарымыздың бірі, – дейді қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі А.Белгібаева. Демалыс күніне қарамастан, қала тазалығын сақтауда жұмыла еңбектенген жандар көпшілікке үлгі болғаны хақ.

А.ШӘРІПБАЙ.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий