Экомарафоншылар жолға шықты

Қазақстанда алғаш рет эко-жүгіру жарысы басталды. Қазақстандық үш марафоншы республиканың 18 қаласында болып, 760 шақырымдық жерді жүгіріп өтуге бел байлап отыр. Өткен сенбі күні алматылық марафоншылар Дмитрий Ким, Айдын Сәдібеков және Ғалым Чуашев Көкшетауға ат басын тіреді. Экомарафонның бастапқы нүктесі Талдықорған қаласы болды. Марафоншылар туған қалалары Алматыда мәре сызығын кеспек. «Біздің жүгіруіміздің мақсаты – экология проблемаларына жауапкершілікпен қарау. Бәріміз білетіндей, барлық қалада экология бойынша проблема жетерлік. Әр қаланы аралап, болашақта белгілі бір қалада белсенді жандарды қалай тарту керектігін түсіну үшін, біз өзімізге белгілі бір ескертпе-жазбалар жасаймыз. Содан кейін бұл физикалық мүмкіндіктерге келіп тіреледі», – дейді марафонға қатысушы Дмитрий Ким. Бұған дейін Виктор Мальчиков осындай түрлі марафондарға қатысқан. 17 аптада 17 қалада болыпты. Оңтүстік астанадан келген жігіттер бұл нәтижеден асып түсуді шешті. Бұл жолы 18 күнде 18 қалаға ат басын бұрмақ. Экология проблемаларына назар аударту ғана емес, спортты насихаттау да басымдыққа ие. Марафоншылар қоршаған ортаны қорғау мен салауатты өмір салтын қалыптастыру қазақстандықтарға үлгі болады деген үмітте.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий