Экономикада өрлеу байқалады

№96 разъездегі орта мектеп былтыр пайдалануға берілген-ді. Қазір мұнда 221 оқушы білім алуда. Жаратылыстану-математикалық бағытта бұл мектепте мультимедиа, компьютер кабинеттері жұмыс істейді. Тамақпен қамтамасыз етілген. Өңір басшысымен кездесу кезінде оқушылар да, ұстаздар да шынайы қамқорлығы үшін алғыстарын білдірді. «Зеренда» ешкі өсіретін шаруашылықтың жылдық қуаты 4000 тонна сүт өндіру. Қазір мұнда Голландиядан әкелінген 300 асыл тұқымды ешкі баптап күтілуде. Кәсіпорын жетекшісі Х.Фаезовтың айтуына қарағанда, мұнда сүттен басқа сыр, йогурт, ірімшік, тағы басқа да өнімдер шығару жоспарланыпты. «EcoPackAstana» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмыртқа салатын ыдыстар шығарумен айналысуда. Бұл өнімдер Қарағанды, Арқалық құс фабрикасы тарапынан үлкен сұранымға ие. Серіктестік жетекшісі М.Божко келешекте 2-3 маусымда жұмыс істеуді ұйымдастырып, өндірістік қуаты жылына 30 миллион данаға жеткізілетіндігін айтты. Жұмыс сапары аясында өңір басшысы Сергей Кулагин Целиноград ауданы әкімінің тұрғындар алдындағы есептік кездесуіне қатысты. Ол сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын міндеттердің өміршеңдігін, оны бұлжытпай орындау үшін нақтылы іс-қимыл қажеттігін айтты.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс