ЭКСПО 2017

Қонақүйлер көрмеге дайын

Бүгінгі күні Астанада 12 482 орынға арналған 164 қонақүй бар. «ЭКСПО-2017» көрмесі өткізілетін кезеңде 2 829 орынға есептелген тағы 23 қонақүй кешенін пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Халықаралық көрме кезінде сонымен бірге 664 орынға арналған 25 хостел жұмыс істейді. 2017 жылдың мамыр айына дейін қонақүйлер мен хостелдерде 15 975 орын дайындау көзделген. Ал, туристерге ыңғайлы болуы және тілдік кедергіні азайту үшін «Friendly Taxi» жобасы іске қосылды. Бұл жүйе Астана қаласының шетелдік қонақтар мен таксопарк жүргізушілерінің арасында коммуникациялар орталығы болып табылады. Жоба іске қосылғалы қалалық таксопарктердегі автокөлік 300-ге көбеймек.

Қытайдағы сайт айдары

Қытайдағы танымал сайтта «ЭКСПО-2017» айдары ашылды. Онда көрме туралы қысқаша мәліметтер орналастырылған.
«Сен қазақ» сайтының жетекшісі Ақытбек Шеризатұлының айтуынша, халықаралық көрме шеттегі қандастардың көптеп келуіне жол ашады. Өйткені, «Қазақ елінің абыройы – әлемдегі әрбір қазақ баласының мүддесі. Оған шеттегі қандастар да атсалысу керек. Сонымен бірге биылғы жыл Қытайдың Қазақстандағы туризм жылы. Бұл айдарды ашудағы мақсаты –
көрме туралы нақты мәліметтер бере отырып, қазақ елінің жетістігін насихаттау, көрмеге келгісі келетін туристерге бағыт-бағдар беру.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс