Электронды еңбек биржасының тиімділігі

Электронды еңбек биржасының енгізілуі жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер арасындағы байланысты біршама жеңілдете түсті. Оның тиімділігі және Көкшетау қаласындағы мекемелер мен ұйымдардың осы жүйеге көшуі жайлы облыс әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова жүргізген жиын барысында талқыланды. Оның жұмысына қатысқан облыстық басқармалар мен мекемелердің жауапты мамандарына жұмыстарды жүйелеп, жылдың аяғына дейін аяқтау тапсырылды.
Қазіргі уақытта жұмыс берушілер Жұмыспен қамту орталықтарының көмегінсіз-ақ enbek.kz порталына кіру арқылы өзіне қажетті кадрды таңдай алады. Ал, жұмыс іздеушілер порталға тегін тіркеледі. Сайттан еліміздің кез келген өңіріндегі, қаласындағы бос жұмыс орнын көруге болады. Жалпы, бұрынырақ айлап іздейтін жұмыс орнын қазіргі уақытта екі аптаның ішінде табуға мол мүмкіншілік ашылып отыр. Облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы мамандарының мәліметіне қарағанда, бұл мекеме электронды еңбек биржасына көшуді толық аяқтап қалған. Жыл басынан бері облыстағы 564 кәсіпорындағы 19 мың қызметкермен келісімшарт жасалыпты. Екінші тоқсанда 42 ұйымның 3 мың қызметкері осы жүйеге көшті. Көкшетау қаласындағы 323 кәсіпорынның 7 мыңнан астам қызметкерімен келісімшартқа қол қойылды. «Қаладағы өндіріс ошақтарын бірыңғай жүйеге көшіруді жылдың соңына дейін аяқтауға болады. Бұл шаруалар облыс әкімінің жіті назарында және бәрі ашық түрде жүзеге асуы тиіс. Бүгінгі таңда колледждермен келісімшарттар жасалуда», – дейді Алтынай Байқадамқызы.
Электронды еңбек биржасына тіркелудің жолдарын халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы мамандардан кеңес сұрау арқылы үйренуге болады. Оқыту семинарлары да бар. Ең бастысы, адамның электронды цифрлы қолтаңбасы болуы тиіс.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий