Электр қуатымен жабдықтау сапасын арттырамыз

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығында «Көкшетау Энерго» ЖШС энергетиктері энергетикалық жабдықтар мен электр желілерін жаңғырту бойынша жұмыстарды белсенді жалғастыруда. Аталған іс-шаралар тек облыс орталығына ғана емес, перспективалы елді мекендерге де жүргізіліп жатыр.
Мәселен, Көкшетау қаласында 10/0,4 кВ желісі бойынша тұрмыстық тұтынушыларды қамтамасыз ететін бірқатар жаңа трансформаторлық қосалқы стансалар (бұдан әрі – ТҚС) іске қосылды. Өткен айдың соңында Көкшетау қалалық электр желілерімен Қанай би-Мамыр көшелерінің қиылысында орналасқан және осы ауданның 200-ге жуық үйі баржеке секторын электр энергиясымен қамтамасыз ететін қуаты 400 кВА №215 ТҚС-ты ауыстыру бойынша жұмыстар аяқталды. БұрынғыТҚС энергетиктер арасында ұзақ уақыт бойы алаңдаушылық тудырды, өйткені ол 80-ші жылдары салынған, ал пайдаланылған ресурс екі есе дерлік асып кетті, осыған байланысты авариялық ажыратулар, тұйықталулар, тіпті өрттер жиі пайда бола бастады. Енді жаңа жабдықты орнату арқылы біздің тұтынушылар сапалы электр энергиясымен қамтамасыз етілді, ал энергетиктер қоржынына тағы бір жаңа және сенімді қондырғы түсті.
Биыл біздің мамандарымыз Көкшетау қаласындағы №59 ТҚС-ты дамодернизациялады, оны компанияның бес жылдық инвестициялық бағдарламасының арқасында мерейтойлық 70-ші трансформаторлық қосалқы станса деп санауға болады. Нысан көршілес «Жайлау» шағын ауданында орналасқан және 90-шы жылдардың басында іске қосылған. Мұнда да ГКТП-10/630 кВА моральдық ескірген жабдықтарды қайта жаңарту жұмыстары жүргізілді. Объект тұйық үлгідегі РУ-10/0,4 кВ қызмет көрсету дәліздері бар сэндвич-панельдерден жасалған конструкциядан тұрады. Бұрынғы жабдыққа қатысты жағдай ұқсас болды: трансформаторлар берілген жүктемеге төтеп бере алмады, ал көпқабатты үйлерге электр энергияны жеткізіп тұрған кабельдер бірінен соң бірі істен шығып, нәтижесінде қысқа тұйықталу мен апаттық жағдайлар жиі болып тұрды. Мұның бәрі қарапайым тұтынушыларға ғана емес, сонымен қатар компанияның басқа электр жабдықтарына да теріс әсер етті. Айта кету керек, 2020 жылы инвестициялық бағдарлама аясында «Көкшетау Энерго» ЖШС осы ТҚС-тан қосылған 24 нысан бойынша барлық шығыс кабель желілері жаңасына ауыстырылды.
Қазіргі уақытта монтаждау жұмыстары аяқталу сатысында. Жақын арада мамандар трансформаторды қосып, сынақтан өткізіп, қосалқы станцияны тесттік жұмыс режиміне енгізеді. 72 сағат өткеннен кейін трансформаторлық қосалқы станция электр энергиясына қосылған барлық объектілерді қалыпты жұмыс режиміне көшірілетін болады. ТҚС іске қосылған кезде жабдық 200-ден астам абонент үшін электр энергиясының көзі болады. Бұдан басқа, келешекте осы ТҚС-тан ауданның жаңа тұтынушылары да электр қуатын ала алады.
Жыл соңына дейін энергетиктер Степногорск, Щучинск, Тайынша қалаларында, Саумалкөл және Красный Яр кенттерінде тағы да осындай 7 трансформаторлық қосалқы станса орнататын болады. Қажетті жабдықтар сатып алынды және тиісті дайындық процедуралары жүргізілді, енді орнату бойынша жұмыстары жақын арада басталады.

Е.Сейітов , «Көкшетау Энерго» ЖШС.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий