Энергетиктер марапатталды

Көкшетау қаласының әкімі Амангелді Смайылов «Көкшетау Жылу» мекемесінің өндіріс озаттарын, ардагерлер мен қызметкерлерді Энергетиктер күнімен құттықтады.
Кәсіби мереке құрметіне қала басшысы кәсіпорын бас директорының орынбасары, бас инженер Данияр Ақыбаевқа «Энергетика саласына қосқан үлесі үшін» медалін табыс етті. Жемісті еңбегі мен саланы дамытуға қосқан үлесі үшін басшының орынбасары Ержігіт Түнғатаров, қазандық бастығы Владимир Ступин, цехтың учаске бастығы Андрей Егоров облыс әкімінің алғыс хаттарына ие болды. Бас энергетик Сергей Куксин, қазандық цехтарының бастықтары Александр Кравченко және Қуаныш Мұхамедияров, өткізу қызметі бастығының орынбасары Гүлбахта Асербаева, химиялық цех бастығы Альфия Сәбитова, өндірісті дамыту жөніндегі жетекші инженер Вячеслав Еньков, жылу көзін жөндеу инженері Татьяна Мацюк қала әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. «Көкшетау Жылу» компаниясының бас директоры Әлібек Төлебаев кәсіпорынның жұмысшыларын құттықтап, мереке құрметіне барлық қызметкерлерге сыйақы берілетінін айтты.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий