Эпидахуал қатаң бақылауда

Ақмола облысында коронавирусқа байланысты эпидемиологиялық ахуалды тұрақ-тандыруға бағытталған жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында өңір басшысы Ермек Маржықпаев айтты. «Соңғы аптада жалпы аурудың орташа өсімі 0,8 пайызды құрады. Соңғы тәуліктерде – 1,2 пайыз немесе 99 жағдай. 526 адам стационарда ем алып жатыр. Оның ішінде 41 адамның жағдайы ауыр. Аурудың артуына жол бермеу және карантин шараларын күшейту үшін барлық қажетті шара қолданылады», – деді ол. Оның айтуынша, азық-түлік емес дүкендердің, сауда ойын-сауық орталықтардың жұмыс тәртібі 30 пайыз толуына қарай таңертеңгі сағат 10-нан 22.00-ге дейін, үй-жайлардағы қоғамдық тамақтану нысандарының қызметі сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін шектелді. Мониторинг топтары жыл басынан бері 346 рейд өткізді. 1 212 нысан қамтылды. Өткен аптада инфекциялық стационарларда, оның ішінде ауылдарда төсек-орын саны артты. Реанимациялық төсек-орындардың жабдықталуы 100 пайызды құрайды. «Бүгінгі таңда Ұлттық сараптама орталығының бірыңғай порталымен ықпалдастырылған 3 зертхана жұмыс істейді. Тәулігіне
1 700-ден 2 мыңға дейін тест өткізіледі. Қажеттілігіне қарай зертханалардың резервтік қуаты тәулігіне 7 мыңға дейін тест өткізуге мүмкіндік береді», – деді Ермек Маржықпаев.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий