«Эрмитаж күндері» аясында

«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне билеттер «Қазпочта» байланыс бөлімшелері мен «РИО» сауда-сауықтыру орталығында сатылуда.

Эрмитаж мұражайы 3 шілде мен 20 қыркүйек аралығында Астанадағы «Эрмитаж күндері» аясында қару-жарақ көрмесін өткізуді жоспарлаған. Қонақтар осы көрме экспонаттары арқылы Елорда төрінде тұрып-ақ таныса алады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрменің хронологиялық аясы ХV және ХІХ ғасырдың аяғына дейінгі уақытты қамтиды. Көрмеде Шығыс пен Батыстың 70-ке жуық қару-жарақ өнерінің заттары ұсынылмақ. Оның ішінде Түркия, Иран, Үндістан, Жапония, Франция, Италия, Германия, Испания елдерінің әскери, аңшылық және мерекелік қарулары да болады.

«ЭКСПО-2017» көрмесінің қонақтары үшін – «Turkvision» заманауи эстрадалық ән байқауы өтпек. Түркі халықтарының тамыры бір екендігін насихаттайтын бұл байқауға қатысуға Түркия мен Орталық Азия елдерінде іріктеу жүргізіліп жатыр. Өйткені, бұл өнер додасына түркітілдес мемлекеттер ғана қатыса алады. Оған «TÜRKSOY» түрік мәдениетінің халықаралық ұйымы мен ТMB TV түрік телеарнасы қолдау білдіріп отыр.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс