Ізгілік амалдары

Қазір бүкіл қоғам коронавирус індетімен күресуге құлшына кіріскенін көреміз. Жаны жабырқап, індеттің қармағына ілінген науқас адамдарды арашалап қалу Алланың үйі – мешіттердің де басты мейірімділік қам-қарекетіне айналып отыр. Науан хазірет мешіті Құрбан айт мерекесі қарсаңында «Өмірге үміт сыйла!» акциясы аясында қаражат жинап, емдеу орындарына жетіспей жатқан оттегімен демалдыру қондырғыларын сатып алуға ниеттенген еді. Жақында осы медициналық қондырғының алғашқы 40 данасы облыстың ауруханаларына таратылды.
Ақмола облысының бас имамы Қуаныш Сәбит алдағы уақытта тағы 120 қондырғы әкелініп, емдеу орындарына берілетінін айтты.
Мешіттеріміздің осындай елдік істе көштің алдында жүргені қуантады. Халықтың басына түскен ауыртпалықты осылай барша қоғам болып көтергенде ғана оның нәтижесі болады. Осы тұрғыда барша имамдарымыз бен дін қызметкерлеріне ізгілік жолында жасаған істеріңізге береке берсін дегіміз келеді.
Барша мұсылман қауымға еске сала кетейік,
30 шілде – Арапа күні.
31 шілде мен 1-2 тамыз күндері – Құрбан айт.
Құрбан айт күндерінде бай адамға құрбан шалу – уәжіп. Құрбан шалу Алла Тағалаға жақын болу үшін, күнәлар кешірілу үшін, Жаратушы Иеміздің көптеген нығметтеріне шүкір ету үшін, бай мен кедейге кеңшілік жасау үшін міндеттелді. Алла Тағала баршамызға зұлхижжа айын құлшылықпен, сауапты істермен өткізуді жазғай, Құрбан айт мейрамын берекелі еткей, жер бетінде тараған індеттен сақтап, елімізге амандық, жұртымызға тыныштық бергей!

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий