Іс-шаралар бастау алды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қазақстан Республикасы Судьялар одағының 25 жылдығының құрметіне орай, Көкшетау қаласында дойбы, шахмат, үстел теннисі, шағын футболдан турнир өткізілді. Ақмола облысы соттарының судьялары, қызметкерлері арасындағы жарыстарды облыстық сот және Судьялар одағының филиалы ұйымдастырды.
Турнирдің ашылуы кезінде Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Раджаб Даминов және Судьялар одағы филиалының төрағасы Бейбіт Нұржан сөз сөйледі.
«Бүгін Ақмола облысының соттарында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы құрметіне іс-шаралар бастау алды» – деп атап өтті Р.Даминов. Ковидке қарсы екпе алған, спорттық киімде болу, бетперде режимін сақтау – жарыстардың қатысушыларына негізгі талаптар болып табылады. «Спартакиада салауатты өмір салтын қалыптастыру, халықты жаппай спортқа тарту, спорт түрлерін жұртқа таныту, сот жүйесінің қызметкерлері арасында ынтымақтастық пен корпоративтік рухын дамыту бойынша маңызды факторы ретінде дене шынықтыру және спортты насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр», – деді Р.Даминов.
Ақмола облыстық сотының, Көкшетау қалалық сотының, мамандандырылған және аудандық соттардың командалары спорттың төрт түрі бойынша сайысқа түсті. Спартакиаданың жеңімпаздары, белсенді қатысушылары кубоктар, дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады.

Ақмола облыстық
сотының баспасөз қызметі.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий