Іс қарқыны бәсеңдемесін

Көкшетау қаласының әкімі Амангелді Смайылов қалалық мекемелер, ведомстволар басшыларының қатысуымен жиын өткізіп, жылды ойдағыдай қорытындылау барысын саралап, күнделікті атқарылар шаруалар жайын пысықтады.
Әкім жақында болған өңірімізге ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың іссапары, мемлекет басшысының алға қойған міндеттері туралы баяндады. Әсіресе, әлеуметтік сұранымға ие тауарлар бағасын көтермеу, тұрақтандыру мәселесіне баса назар аударылып, талқыланды. Тауардың көтерме саудадағы бағасымен жеке сатылымдағы бағасының арасындағы айырмашылық алшақ. Оның себебін кәсіпкерлік бөлімі (А.Подгурский) зерттеп, анықтап, кәсіпкерлермен түсінік жұмыстарын жүргізуі керек. Мәселен, әлеуметтік нан бағасы күнбе-күн, үнемі бақылауда болсын.
Қалалық мекемелердің жаңа ғимаратқа көшуі тез аяқталсын. Бұл тұрғындардың мәселелерін уақыт оздырмай, шұғыл шешуіне жол ашады. Ол ғимаратта келушілерге, кезек күтіп отырушыларға қолайлы жағдай да қарастырылсын.
Қаладан тұрмыстық қалдықтарды шығаруда кейбір шағын аудандарда әлі де келіспеушілік, түсінбестік бар. Тұрғындарға ол қызметтің қандай түрі қолайлы, сол шұғыл анықталып, қызмет көрсетілсін. Ол қызметтен бас тартатындар жазбаша хабарлама беріп, өз жауапкершілігіне алсын, басқа фирмалармен келісімшартқа тұрсын. Әйтеуір, қала тазалығына нұқсан келмейтін болсын. Жалпы, тұрғындардың өз қаламыздың тазалығына деген оң көзқарасын, мәдениетін қалыптастыруымыз қажет. Бұл ретте «Бірлік» шағын ауданы
тұрғындарын үлгі етуге болады.
Біздің өнім өндіретін, жиһаз жасайтын мекемелердің мемлекеттік сұраныс желісіне неге қатыспайтынын, себептерін анықтап, кедергілер болса жойып, оған қатыстыру керек. Соның салдарынан біздің мектептер, балабақшалар қомақты сомаға мемлекеттік сатып алу жүйесі бо-йынша басқа облыстардан жиһаз алуда. Кәсіпкерлік бөлімі осы мәселені зерттеп, шұғыл шешуі керек.
Барлық мекемелер жылды ойдағыдай қорытындылауға тырысып, жинақталсын. Қала келер жылғы көрші елмен екі арада өтетін үлкен форумға дайындық үстінде. Демек, іс қарқыны бәсеңдемесін.
Қала әкімі жиын үстінде қалалық ауыл шаруашылығы бөліміне басшы болып тағайындалған Нұрлан Кәрімовті таныс-тырып, оның қызметіне сәттілік тіледі.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий