Ғалам ғаламаттары – көз алдымызда!

Сонымен, ақ самал ескен ақселеулі сайын даламыздың төріндегі ертегідей Елордамыз – сәні мен салтанаты жарасқан Астанада әлемдегі ең үлкен көрме – «ЭКСПО-2017» 10 маусымда есігін айқара ашпақ! Әлемнің 115 елі Қазақстан көтерген «Болашақтың энергиясы» тақырыбына ойлап тапқан ең үздік жетістіктерін, ғылыми ізденістерін, тамаша табыстарын әкеліп, таныстырмақ. Сөйтіп, ғалам ғаламаттары көз алдымызда тұрмақ! Адам баласының озық ойы, қиял жемісі төрімізден орын теппек!

Бүгін әлемге энергия қат. Ол жасырын емес. Демек, ол тығырықтан жол іздеу ләзім. Еліміз көтерген ізгі бастаманы дүниенің 115 елі қолдап, құлшына кірісіп отыр. Бұл ізденістердің ізсіз қалмасы, адамзатқа пайдасы тиері сөзсіз. Біз сондай тарихи оқиғалар ортасындамыз!
Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей басшылығымен осынау таңғажайып көрме қалашығы бүкіл дүниеге құшақ ашты!.. Дария дархандығымен аты шыққан Қазақ елі айшықты көрмесі арқылы төрткүл дүниеге тағы бір танылып, өзінің оң пейіл, ақ ниетін, адамзат жүгін жеңілдетуге деген алғаусыз талпынысын білдіріп отыр.
Жаса, Қазақ елі! Көк Туың әрдайым биікте желбіресін! Теңдессіз, көрікті көрме – «ЭКСПО-2017» абыройыңды асқақтата түссін!

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс