Ғасыр құрдасы – Сәлима әже!

Көкшетау қалалық мәсли-хатының хатшысы Бауыржан Ғайса мен қалалық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы Шияп Әлиев ғасыр құрдасы Сәлима Әлиеваның үйінде болып, қарияның тұрмыс жағдайымен танысты.

Сәлима Баязитқызы Ақжар ауданында сонау 1917 жылғы 1 қаңтарда дүниеге келіпті. Ата-аналары ауқатты болғандықтан құлақтар тізіміне легіп, қуғынға ұшырайды. Соның салдарынан 1937 жылы үй-мүлкін тастап, Омбы облысында тұратын туыстарына көшіп кетеді. Арада үш жыл өткеннен кейін бойжеткен қыз Сәлима тұрмыс құрып, 1941 жылы жолдасы Сабырды және ағаларын майданға шығарып салады. Тылда егіншілік саласымен айналыс-ты. Сталинград, Будапешт жанында өткен қан қилы майданға қатысқан
күйеуі Сабыр елге 1944 жылы оралады. Тұрмыстың ауыр жылдары дүниеге келген жеті сәбиі бірінен соң бірі шетінеп, одан кейін туған балалары ғана аман қалады. Бұлар Қазақстанға 1957 жылы оралды. 1994 жылы жұбайы Сабыр дүние салады. Бүгінгі таңда Сәлима әже немересімен бірге тұрады. Алланың бергені сол емес пе бүгінгі таңда ғасыр құрдасы атанған көнекөз қария 23 немере, 23 шөбере сүйіп, бақытқа бөленіп отыр. Емен-жарқын әңгіме барысында қалалық мәслихат хатшысы Бауыржан Ғайса мерейтой иесіне қала әкімі Ермек Маржықпаевтың атынан ақшалай сыйлық пен гүл тарту етті. Сәлима әже өзін құттықтауға келген азаматтарға ризашылығын білдіріп, альбомдағы ескі фотолар мен құжаттарды көрсетіп, естеліктер айтты.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс