Қабырғадағы тұлғалардың суреттері
Көкшетауда бір-біріне сырт келбеті ұқсас көпқабатты тұрғын үйлердің қабырғалары стрит-арт композициясымен әрленуде. Қала әкімдігінің мәліметінше, дәл қазір 6 композицияның нобайы бекітіліп, екі көпқабатты тұрғын үйдің қабырғасына ат үстіндегі Абылай хан мен қазақтың көрнекті ғалымы Шоқан Уәлихановтың суреттері салынуда. Тамыз айының соңына дейін 21 ғимаратта осындай стрит-арт композициясы пайда болады. Онда сақ стилі сияқты тарихи суреттерді салу жоспарланған. «Стрит-арт көшедегі сурет болғанымен, бұл үлкен өнер. Алып, суреттерді көрген адам өнерді бағалап қана қоймайды, тарихымызға да көз жүгіртеді», – дейді «Дизайн сити» жарнамалық агенттігінің жетекшісі Олжас Әбуов. Айта кетейік, биыл күзде Көкшетау қаласында Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының 17-ші форумын өткізу жоспарланған. Осыған орай, қалада дайындық жұмыстары қызу жүргізілуде.
«Көкше-ақпарат».