Қажетті шаралар қолданылуда

Көкшетау қаласының әкімдігі төтенше жағдайлар департаментіне қарасты құтқарушы құрылымдармен бірлесіп, облыс орталығында су тасқынының кеңінен етек алуына жол бермеу үшін сақтық шараларын кең ауқымды жүргізуде.

Ауа райының күрт жылуына байланысты, Қылшақты өзені арнасынан еріген қар суы тасып жатыр. Осылайша Көкшетау қаласының өзенге жақын орналасқан тұрғын үйлер мен аула аумақтарын су басу қатерін төндіруде. Қылшақты өзенінің жағалауынан шығу қаупін және Көкшетау қаласының тұрғын үйлер мен аула аумақтарын су басудың алдын алу мақсатында, төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдары инертті материалдар бар 5 мың қап дайындады. Өзен арнасында жасанды кедергілерді құру мақсатында, инертті материалдарды жайластыру және үю бойынша жұмыстар жүргізілген, 1 мың қап инертті материал төселді. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдарымен су өткізгіш құрылыстар және көпір асты кеңістіктерін тазарту бойынша жұмыстар да атқарылды. Бұдан басқа, Көкшетау қаласында орналасқан департаменттің барлық бөлімшелері 12 сәуірден бастап тәулік бойы жұмыс режиміне ауыстырылды. Өзен деңгейін мониторингтеу үшін 5 топ және бір топ инертті материалдармен ыдысқаптар дайындауға мобильді топ құрылған. Алдыңғы тәулікте шамамен 5 мың инертті материалдармен ыдыс қаптар дайындалды. Апатты-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті атқарушы органдардан 75 адам және 43 бірлік техника, төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 138 адам және 12 бірлік техника, жергілікті полиция қызметінің жеке құрамынан 27 адам және 9 бірлік техника жұмылдырылды.

Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс