Қажет іс қолдаусыз қалмайды

Облыс әкімі Мәлік Мырзалин жұмыс бабымен Көкшетау қаласындағы бірқатар нысандардың жұмысымен танысты. Сапар барысында өңір басшысымен Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев бірге болды.

Облыс əкімі алдымен əдебиет жəне өнер музейіне барды. Мұнда қазір 9 мыңдай экспонат бар. Музейдің ғылыми қызметкерлері қорда бар жергілікті ақын-жазушылардың тұтынған заттарымен таныстырды. Атап айтқанда, жазушы Сəкен Жүнісов, журналист, өнер зерттеуші Кəрім Ілиясов, жазушы Естай Мырзахметов, сатирик Ерназар Ыбыраевтың көзі тірісінде пайдаланған машинкасы, домбырасы, қолжазбалары, кітаптары сақталған. Əңгіме барысында музейдің ғимараты өте ескі екені де айтылды. 1900-шы жылдары іргетасы қаланған ғимарат рухани ордаға лайықсыз, əрі көктем мен күзде қар, жаңбырда төбесінен су ағады. Бұл қордағы экспонаттардың бүлінуіне əкелуі мүмкін. Өңір басшысы қалада бұған лайық ғимарат жоқтығын сұрап біліп, енді тек күрделі жөндеу жүргізіп, музейге лайықтау керектігін айтты.
Аймақ басшысы Ауған ардагерлерінің өтініші бойынша боздақтарға арналған ескерткішке барды. Ардагерлер мемориалды биіктеткісі жəне жанына қосымша композиция қосқысы келеді. Алайда, өңір басшысы оның қажет емес екендігін айтты. Тек бұл жерді абаттандырып, қираған тақталарын жөндеп, аллея жасауға болады деді. Өңір басшысы РК-2 бу қазандығының жұмысымен де танысты. Қаланы жылумен қамтып отырған қазандықтың отын қорын сұрап білген өңір басшысы қамсыз қалмауды тапсырды. Өйткені, көктемнің салқын күндері əлі алда. Дегенмен, ескірген агрегаттар жөндеуді қажет етеді. Қазандықты биыл газға ауыстыру жоспарда тұр. Облыс əкімі оған көп қаржы қажет, сондықтан, мәселені жан-жақты ойластыру керектігін айтты. Қазақстанда ішімдік жəне сусындар өндіретін ірі кəсіпорын «Натур продукт» серіктестігі тəулігіне 40 мың дана алкоголь жəне 1000 дана бес литрлік таза су шығарады. Сұраныс мол. Кәсіпорын өнімі Көкшетау, Астана жəне Петропавл қалаларында сатылуда. Бүгінде жергілікті құдықтардан алынған суды өздерінде тазартып, минералдандырып шығарып жатыр. Айдабол сусындары тұтынушылар тарапынан жоғары бағасын алған. «Натур продукт» серіктестігінің бас директоры Елмұрат Балтабаев өңір басшысына жұмыстарының барысын баяндап, екі желілік цех, қойма жəне купаж бөлімшелерін аралатты. Серіктестік басшысы Марат Сəрсенов «Кроста» атауы-мен шығып жатқан өнім түрін көбейтуді жоспарлап отырғанын айтты. «Тау Кон» ЖШС нан жəне тоқаш өнімдерінің 20-дан астам түрін шығарады. Бүгінде кəсіпорынның круассандары үлкен сұранысқа ие. Өңір басшысы Көкшетаудың балмұздағы сияқты жаңа бір печенье түрін ойлап тауып, брендке айналдыру керек деді. Қазір Қазақстанның барлық қалаларына өнімін шығарып отырған кəсіпорынның болашағы зор. Облыс басшысы жиһаз жасайтын «Два Кита» серіктестігінің де жұмысымен танысты.

Гәкку АСЫЛБЕКҚЫЗЫ.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий